18.06.2024, 15:15
Оқылды: 175

Жаңа құтқару стансалары мен мобильді бекеттер: ҚР ТЖМ жазғы маусымға қалай дайындалды?

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің су айдындарында Төтенше жағдайлар министрлігінің 42 құтқару бекеті жұмыс істейді. 2025 жылы Шалқар, Имантау көлдерінде және Қосшы қаласында үш модульдік стансаның құрылысы аяқталады. Ірі су қоймаларына тағы 15 станса қажет. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

7E0A959C-0AA9-424B-8CED-CF5741A88F4E

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Жазғы кезеңде қосымша мобильді бекеттер құрылады. Онда судағы кезекшілік және патрульдеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері 76 адам, маусым айының басынан бері 24 адам құтқарылды.

«Қазіргі уақытта заманауи катерлер, жүзу құралдарын және дрондарды жоспарлы түрде сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Ұлттық теңіз жасағын құру жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктермен бірлесіп шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтып жатырмыз. Олардың саны бүгінде 708-ге жетті және барлығы «2GIS» платформасында көрсетілген. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай ашылатын болады», — деді төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысы барысында.

Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Құтқарушылар балаларға жүзуді, құтқару және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді. Сондай-ақ балалар лагерлерінің тәрбиешілерімен және ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Су айдындарының жанында орналасқан 30-дан астам балалар лагерінің тек 19-ында ғана балаларға арналып жабдықталған суға шомылу орындары бар. Жыл басынан бері 26 мыңнан аса рейд жүргізілді.

Мас күйінде шомылғаны үшін 3 мыңға жуық тәртіп бұзушыға, 1 маусымнан бастап 49 адамға айыппұл салынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале