4.08.2025, 22:00
Оқылды: 214

Жаңа мекенжай бойынша емханаға қалай тіркелуге болады?

Емханаға тіркелу электрондық үкімет порталы арқылы тиісті мемлекеттік қызмет шеңберінде жүзеге асырылады. Алдымен өзіңіздің тұратын аумағыңыз қай емханаға қарайтынын анықтау қажет. Мұны аймақтық анықтама қызметі арқылы білуге болады.

WhatsApp Image 2025-08-04 at 18.04.42

Содан кейін порталда авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Жеке кабинетте (қызметтер алу тарихы бөлімінде) өтініміңіздің қаралуы жөнінде хабарламамен танысуға болады.
Қызмет көрсету мерзімі өтіп кетсе, сіз тіркелуге сұраныс жіберген медициналық ұйымға тікелей жүгіне аласыз.

Тіркеуден бас тартпас үшін алдын ала емханада бос орындардың бар-жоғын нақтылап алған жөн.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале