12.05.2020, 12:11
Оқылды: 46

"Жаңа оқу жылы мектеп қабырғасында басталады деп үміттенеміз", –  дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн конференцияда айтты.

E8AE189A-131A-4BE1-9787-97B9AAC2C12B

«Біз веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек. Күні кеше мемлекеттік комиссия отырысы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым саласына қатысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясында жұмыстар жүйеленіп, басталды. Оқу жылы 25 мамырға дейін қашықтан оқу форматында болады. Білім бағдарламаларының мазмұнын өзгерту, цифрландыру мәселесі, қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру және тағы да басқа берілген тапсырмалар бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілетін болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы дәстүрлі технология ретінде мектеп қабырғасында басталады. Жаз айларында да министрлік білім басқармаларымен бірлесе жұмыстар жүргізетін болады. "Қандай жағдай болса да төтеп беретіндей барлық жұмысты тиянақты жүргізуіміз қажет. Мектепті балаларымыз да сағынды, ата-аналар да соны қалайды. Педагогтар де мектепте сабақ беруді асыға күтіп жүр. Біз, әрине, жақсылыққа сеніп, бірақ қандай жағдайға да дайын болуымыз керек. Келесі оқу жылын дәстүрлі түрде қоңырау үнімен бастасақ деген жоспар бар. Дегенмен осындай жағдай енді қайталанбайтын сияқты қамсыз отыруға болмайды. Веб-технология, цифрландыру, қашықтан оқу мәселесін қолға алып, тиісті деңгейге жеткізуіміз керек", - дейді министр.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале