21.06.2022, 15:00
Оқылды: 34

Жаңа оқу жылында «Цифрлық репетитор» жобасы іске қосылады

«Жаңа оқу жылына дейін «Цифрлық репетитор» жобасы іске қосылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14fcb610c59847399a6359a6dc5c5a91

 

«Балалар үшін «Цифрлық репетитор» жобасын бастап жатырмыз. Оны тамыз айының соңына қарай іске қосуымыз керек. Жаңа оқу жылының қарсаңында арнаулы топтағы балалар осы жоба бойынша жұмысын бастауы тиіс. Оқу жылына дайындығымыз да осыған байланысты болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Айта кетейік, өтен жылы Үкімет отырыстарының бірінде Асхат Аймағамбетов ауыл оқушылары үшін «цифрлық репетитор» жобасын енгізу қарастырылып жатқанын мәлімдеген болатын. Жоба аясында әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар, яғни 500 мыңға жуық оқушы апта сайын тегін математика, тіл немесе жаратылыстану пәндерінен кемінде 3 қосымша сабақ ала алады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале