28.11.2020, 15:36
Оқылды: 95

Жаңа шағын ауданда 18 тұрғын үй бой көтермек

2022 жылдың аяғында «Ақжайық» шағын ауданынан 160 пәтер берілмек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен өткен «Ақжайық» шағын ауданының құрылыс барысы талқыланған жиында айтылды.

20201128_141607
Қала әкімі Абат Шыныбековтың мәлімдеуінше, қазіргі күнде «Ақжайық» шағын ауданында көпқабатты 18 тұрғын үй бой көтермек. Оның 4-і мемлекеттік қаражат есебінен жоспарланса, 11-үйдің құрылысын инвесторлар жүргізеді. Тағы үш үйге бөлінген жер телімі алдағы уақытта сала мамандарына арнап салынбақ.

– Шаһарымыздың бас жоспарына сәйкес «Ақжайық» шағын ауданы Зашаған кенті мен Деркөл кентінің ортасында орналасқан. Жалпы гектары – 420 га-ны құрайды. «Ақжайық» бес шағын ауданға бөлінді. Қазіргі күнде мемлекет тарапынан бөлінген екі шағын аудандағы тұрғын үй құрылыс жобаларын аяқтап жатырмыз. 2021 жылдың алғашқы тоқсанында үш шағын аудан бойынша әлеуметтік тұрғын үй құрылысына байланысты мердігерлерді анықтап, құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлаудамыз. Бұл бағытта «Ақжайық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпороциясымен бірлесіп, инвестор тарту мақсатында біраз жұмыстар жасалды. Одан бөлек халыққа қажетті комерциялық нысандар салынбақ. Әлеуметтік нысандар (балабақша, емхана, дүкендер) көпқабатты үйлердің бірінші қабатында болады деп жоспарлануда. Үш мектептің құрылысы басталып, кең көлемде спорттық жарыстар өткізетін үлкен стадион, оңалту орталығы, сондай-ақ М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың жаңа корпустары салынбақ. Бұл жобалар 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. «Ақжайық» шағын ауданы 50 мың адамға арналған, - деді Абат Шыныбеков. 20201128_142452«Ақжайық» шағын ауданының алғашқы инвесторларының бірі «Каз Холл» ЖШС директоры Тимур Аминов аталмыш ауданнан 6 тұрғын үй, шағын балабақша және шағынмаркет салмақ ниетте екендігін айтты.

– Қазіргі күнде өзімізге бөлінген 9 мың шаршы метр жерді қоршау жұмыстарын бастадық. Эскиз жобаларын жасап бердік. Бесқабатты үйлер саламыз. 380 пәтерді табыстаймыз деп жоспарлаудамыз. 2021 жылдан өз жұмысымызды бастаймыз, - деді Тимуржан Әдиетұлы.

«Болашақ-Т» ЖШС директоры Асқар Қощанов аталмыш ауданға 5,7, 9 қабатты үйлер салып, 560 пәтер табыстамақ екендігін алға тартты. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың жаз айларынан басталмақ.

20201128_142843

– Үшінші шағын ауданнан 4,8 гектар жер берілді. Бұл жердегі үйлер бұрынғы салып жүрген үйлерімізден ерекшелеу, әрі шаршы метрі де үлкендеу болмақ. Әр үйдегі жылу жүйесі автономды болады. Сондай-ақ балкондар салқын, жылы болып бөлінеді. 2022 жылдың аяғында 160 пәтерді өз иелеріне тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз, - деді алдағы жоспарымен бөліскен Асқар Жасенұлы.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоспарды әрі қарай кеңейтіп, дамыту қажеттігін алға тартып, сол жерде өндіріс орындарын ашып, пәтерлердің бағасын қолжетімді етуді тапсырды.

Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале