Орда ауданындағы Жетібай ауылдық кеңесіне қараған колхоздардың бірі «Жаңа шаруа» колхозы. Өзге колхоздарға қарағанда мал басы мен жан басының көптігімен ерекше «Жаңа шаруа» колхозы жерлері де сынақ аймағына кірді.
Осылайша 1952 жылдың 22 қарашасында Орда ауданы, Жетібай ауылдық кеңесіне қарасты «Жаңа шаруа» колхозынан Боранбай Жумалиев, Каким Нуржанов, Биялі Такиров, Балхан Меңдібаева, Ильяс Мураталиев, Қабділ Муханбетчин, Еркеғали Бисалиев, Қойшан Тәуенов, Батыр Еркебаев, Уазипа Шоңқатаева, Қанаш Шапиева, Құмаш Иманғалиев, Қабдол Хайруллин отырған мал қыстақтары жерлері әскерилерге беріліп, аталған колхозшылар қоныстарын тастап шықты.
Сондай-ақ Айсекен Асетов, Қалима Тусубалиева, Қалия Жұқалтаева, Күміс Ермекова, Рысхал Еленова, Қансұлу Ишанғалиева, Умаш Молдағұлова, Қуан Бұйрабасов, Жұқалтай Шоңқытаев, Зинет Қабаева, Наби Мағзомов, Камалид Ғұсманов, Ағырыс Абаева, Жамал Ғұмарова, Күншығар Сариев, Құмарғали Жумағалиев, Маулім Ыдырысов, Сұңқарай Құлесов, Ұлжан Зұлхашева, Зинолла Бисенғалиев, Сахаш Тахирова, Мәнай Құлетов, Шаует Жұқалтаева, Оразах Қаленов, Дүйсекеш Сахипов отырған мал қоныстары да сынақ аймағы деп жарияланып, аталған колхозшылар көшті жалғастырды.
Осылайша «Жаңа шаруа» колхозынан жалпы саны 267 адам отырған жерін сынақ аймағына қалдырып, қоныстарынан тысқа көшірілді.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz