Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Мусин Бейімбет Мәлікұлы тағайындалды.

Бейімбет Мусин 1985 жылы БҚО, Ақжайық ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратураны «Электр энергетикасы және тұрақты энергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша докторы.
Әр жылдары:
• «МТС-Құрылыс»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электригі,
• «Батыс Қазақстан Қуат Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер-электригі
• «Батыс Қазақстан Қуат Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдар бойынша координаторы
• «Батыс Қазақстан Қуат Сервис»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапаны бақылау бойынша маманы
• БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің бас маманы,
• Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы перспективті даму бөлімінің бас маманы,
• БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы,
• БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.
Тағайындауға дейін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшының орынбасары қызметінде болды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі