11.03.2022, 17:10
Оқылды: 46

Жаңа техника табысқа жетелейді

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде облысымыздағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен алқалы жиналыс өткізді.

8B6A979C-4B02-4FC3-9E3B-11BF1807B8A5

Өңір басшысы, ең алдымен, университет фойесіндегі көрмемен танысты. Көрмеге тыңайтқыштарға қоса, өсімдіктерді қорғау және электронды бірдейлендіру құрылғылары, сонымен қатар түрлі нұсқаулықтар қойылған екен. Нұсқаулықтарда ауыл шаруашылығына қатысты пайдалы кеңестер және техниканы тікелей Еуропадан алдырып, кәсіпкерлерге сапалы қызмет көрсетіп отырған кәсіпорындар жайлы ақпараттар берілген.

77244A8C-BAA5-4F72-AAA3-557ECBD54E01

Көрме таныстырылғаннан кейін жиын басталды. Жиында өңіріміздегі агроөнеркәсіп кешенінің хал-жағдайы жайында мағлұмат беріліп, аталмыш саланың даму бағыттары мен жетістіктері талқыланды. Ветеринариялық қауіпсіздік, жер және су шаруашылығы мәселелері де назардан тыс қалмады.

7150CA81-6458-46DD-BEB4-72A9C0C541B5

– Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2017-2021 жылдары облыстың ауыл шаруашылығын дамыту үшін  бюджеттен 76,7 млрд теңге агротехника бөлінді. Лизинг жүйесі арқылы 25,7 млрд теңгеге 3 636 дана агротехника сатып алынды. Осылайша кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы техникалары жүйелі жаңара бастады. Соңғы бес жылда облыс шаруалары жалпы құны 34 млрд теңгеге 4 895 дана агротехника сатып алды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыттың бірі – агроөндірісте жаңа технологияларды тұрақты пайдалану. Бәріңізді алға қойылған міндеттерді ұйымшылдықпен атқаруға шақырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов.

D26B42C3-2C25-4B59-82BF-EE2CBA0BBB0A

Сонымен қатар жиында жер ресурстары саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Алмас Алпамышев байланысқа шықса, ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерімен күресу тәсілдері және қуаңшылыққа төзімді құмай дақылы бойынша сала маманы, ғалым-агроном Алдаберген Нұғманов мәлімет берді.

«Water Management Leasing» ЖШС лизингтік компаниясының консультанты Нұржан Сейсенбаев «Жаңбырлатқыш машиналарды қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбында сөз қозғаса, «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-ның суарылмайтын егіншілік және жем-шөп өндіру бөлімінің меңгерушісі Төлеген Булеков «Ағымдағы ауыл шаруашылығы жылының ерекшеліктері және көктемгі дала жұмыстарында оларды ескеру» тақырыбында аз-кем пікір айтты.

10B3A89D-15A0-4755-8A2B-396772F46DDE

Теректі ауданындағы «Азат» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нәйлә Жұмашева сүт фермасын құру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин «Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялаудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар облыс әкіміне өздерін толғандырып жүрген сауалдарды қойды. Су, жол, жер мәселелері жөнінде ойларын ортаға салды. Бірі техника бағасының шарықтап кеткенін айтса, бірі су жүйелерін жетілдіру, сонымен қатар біраздан бері айтылып келе жатқан республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу керек екенін тілге тиек етті. Кейбір бағбандар күз мезгілінде өнімді сатуға ыңғайлы орын керек екендігін алға тартса, мал шаруашылығымен шұғылданатын кейбір шаруалар жер сұрады. Несие, субсидия мәселелері де тілге тиек болды.

73304668-A6C7-4184-96BB-92901D3CE83F

Өңір басшысы қойылған сұрақтарға байыппен жауып берді және қозғалған проблемалардың шешімін табу үшін тиісті басқарма басшыларына тапсырма беретінін, жұмыс барысын әркез қадағалап отыратынын жеткізді.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығына баса назар аударып, бірнеше нақты тапсырма берді. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – ел халқын  негізгі азық-түлік түрлерімен толық қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Ұсыныстар мен пікірлеріңізді ескереміз. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірісті шикізатпен қамтитын негізгі сала. Алдағы уақытта жасалатын жұмыс көп. Бар күш-жігерімізді жұмсап, жұмыла қызмет етейік, – деді Ғали Есқалиев.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Рафхат Халелов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале