
Сурет: baq.kz
Жаңа заң бойынша МӘМС жүйесінде не өзгереді?
Д және Е санатындағы азаматтар қамтылады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрмыстық дағдарыс (Д) және шұғыл әл-ауқат (Е) деңгейінде өмір сүріп жатқан шамамен 1 млн адам тегін жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізетін болады — бұл еліміздегі халықтың тағы 5%-ын құрайды.
Ресми жұмыссыздар сақтандырылады
Енді мемлекеттік тіркеудегі жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет төлейді. Бұл шара жергілікті әкімдіктерге жұмыссыздықты төмендету міндеттерін ескере отырып енгізілуде.
Жарналарды қайта бөлу мен әділдік
2027 жылдан бастап – толық жауапкершілік үлестірімі
2027 жылдан бастап сақтандыру моделі толығымен реттеліп, жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасында тең бөлінеді.
Кімдерге тиімді және қандай артықшылық береді?
Д және Е катарындағы азаматтар үшін:
Тегін жоспарлы көмекке қол жеткізу – әлеуметтік әділеттілік қамтамасыз етіледі
Ресми жұмыссыздар
Сақтандырылған статусқа ие болып, медициналық қызметтерге қолжетімді болады
Жоғары табыс алатындар
Жаңа тариф шеңберінде әділетті жарна төлейді
Барлық азаматтар (2027 жылдан)
Бірдей жауапкершілік жүйесі енгізіледі
Күтілетін нәтижелер
Осы өзгерістер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс аясында азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық қызметке әділ қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ортақ жауапкершілік қағидаттарын іске асырады.
Жүйе енді бұрын медициналық қызметтен тыс қалған әлеуметтік осал топтарға қолжетімділікті кеңейтіп, азаматтардың табыс деңгейіне қарай әділ үлесті қамтамасыз етеді.