21.09.2022, 15:01
Оқылды: 39

Жаңа заң жобасында қант өндірушілерге қолдау көрсетілмек

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

WhatsApp Image 2022-09-21 at 10.56.04

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы ұсыныстар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады.

Түзетулердің үшінші блогы отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған. Балық аулау кәсіпорындары балықты өңдеу кезде қосылған құн салығын 70 пайызға азайту туралы норма ұсынылады. Қазір мұндай жеңілдікті балық өсіруші қожалықтар қолданады. Қант өндірісін ынталандыру үшін шикі қант импортын қосылған құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілері үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзарту ұсынылады, - деді ол.

ҚР Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Мәлік Құлшар ұсынылған нормалардың өндірісті ынталандыратынын айтты.

Осы заң жобасы шеңберінде жекелеген салалар үшін оның ішінде балық аулау кәсіпорындары, қант, кондитерлік өнімдер өндірушілер үшін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру арқылы өндірісті дамытуды ынталандыру үшін нормалар ұсынылады. Қолданыстағы салықтық әкімшілендіруді жақсартатын мысалы қосылған құн салығын қайта қайтару мерзімін 75 жұмыс күніне дейін қысқартуды көздейтін нормалар бар, - деді өз сөзінде депутат.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале