27.04.2021, 0:27
Оқылды: 17

Жаңа жобаға іріктеу басталды

Биылғы күзде Ұлттық арна эфирінен «Qazaqstan дауысы» тележобасы көрермен назарына ұсынылмақ. Кең ауқымды жобаны қолға алған ұйымдастырушылар бүгінгі күні еліміздің 13 қаласын аралап, таланттарды іздеуде. Алғашқы іріктеу Орал қаласында өтті.

D93D722D-0B24-4FE1-9D40-4E9AB661F405

Ал оффлайн іріктеу бұдан әрі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей және Қостанай қалаларында өтпек. Жобаға қатысу үшін 19-59 жас аралығындағы талантты өнерпаздар 10 сәуір мен 10 маусым аралығында qazaqstan.tv/voice сайты арқылы онлайн өтінім бере алады. Оффлайн іріктеуге үлгермегендер онлайн іріктеуге қатыса алады. Жобада бақ сынау үшін кәсіби музыкант болу міндетті емес.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале