5.01.2025, 12:42
Оқылды: 45

Жаңа жыл күндері 33 адам ауруханаға жеткізілген

Бұлардың ішінде үш адам дене жарақатын алса, үш адам биіктіктен құлап кеткен. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2025-01-05 at 13.35.15
Жалпы 31 желтоқсан мен 1-қаңтар күні жедел жәрдем станциясына 1109 телефон қоңырауы түскен.
-Жаңа жыл мерекесі күндері жедел жәрдем мен аурханалардың жарақат бөлімі күшейтілген жұмыс режимінде қызмет атқарды. Мереке күндері әр түрлі дене жарақатына байланысты 47 қоңырау түссе, бұлардың ішінен 33 адам жедел жәрдем бригадасымен аурухананың жарақат және қабылдау бөлімдеріне жеткізілді. Ал балаларға қатысты 287 шақырту түсті. Жаңа жыл күндері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Ал қасақана дене жарақатын келтірген үш фактіге қатысты шақырту тіркелді,- деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ал былтыр Жаңа жыл күндері жедел жәрдем станциясына 1172 шақырту түскен екен.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале