8.01.2026, 17:15
Оқылды: 52

Жаңа жыл мерекесінде республика бойынша 487 неке тіркелген 

Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес. Осылайша, 2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының ресми телеграм парақшасында жазылды. 

WhatsApp Image 2026-01-08 at 14.54.45

 

Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:
— Алматы қ. – 68 жұп
— Түркістан облысы – 61 жұп
— Астана қ.– 47 жұп
— Жамбыл облысы – 37 жұп
— Қарағанды облысы – 30 жұп
Күнтізбедегі осындай ерекше күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале