13.12.2017, 11:49
Оқылды: 68

Жаңа жылдан бастап халық саны 2 мыңнан асатын кент-ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі

Орал қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова Орал қаласы аумағында орналасқан Зашаған, Круглоозерный кенттері мен  Желаево селолық округі әкімі аппаратының 2018-2020  жылдарға бекітілген бюджетін баяндады.

Осы кенттер мен селолық округтің бюджеттеріне қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдері де қарастырылған.  Сессияны жүргізген Аққали Әубекеров бұл кенттер мен  округ әкімі аппаратының 2018-2020  жылдарға арналған бюджетін бекіту мәселесі бойынша шешім Орал қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң қабылданатынын айтты.

Сессияда тағы да бірнеше мәселе қаралып, шешімдер қабылданды. Өз кезегінде сөз алған Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев: «Биыл қаламызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беріп отырған – мемлекеттік бағдарламалар. Өнеркәсіп саласы жеті пайызға артып отыр. Қала тұрғындарының орташа жалақысы шамамен сегіз пайызға артқан», - деп әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, келер жылға жоспарланған жұмыстарға тоқталды.

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале