Еуроның орташа бағамы 493,90 теңге болды.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 67,45 теңгені (+1,42) құрады.
Ресей рублімен сауда-саттық болған жоқ. Рубль бағамын Ұлттық банк 6,43 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 466-470 теңгеден, еуро 493-499 теңгеден, ресей рублі 5,9-6,4 теңгеден сатылуда.
Ал 4 қаңтардағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,21%-ға төмендеп, барреліне 81,93 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында ақпан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,35%-ға төмендеп, барреліне 76,66 долларды құрады.