21.11.2018, 15:34
Оқылды: 112

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ: «Ұлы даланың жеті қыры» - «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы

- Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сараптамалық мақаласы өзі айтқандай осыдан жыл жарымдай уақыт бұрын жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының заңды жалғасы.

жанабекБір назар аударарлық нәрсе – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала екі бөлімнен тұрып, оның бірінші бөлімі «XXI ғасырдағы ұлттық сана» деп аталса, жаңа мақала да екі бөлімнен тұрады. Екінші бөлімінің тағы да тарихи санаға арналуы кездейсоқтық емес. Өйткені біз ұлттық тарихи санасы көмескіленген халықпыз. Бұл мақалада Елбасы Қазақстанның ежелгі, ерте ортағасырлық кезеңіне жете мән берген. Мәселен, көшпенділер өркениетінің бір ошағы болғанымыз, алғаш атқа мінгендігіміз, ежелгі қола металлургиясы, теміршілер дәуірінде ата-бабаларымыздың әлемде ешкімге ұқсамайтын өркениет қалыптастырғандығы айрықша назарға алынып отыр. Ел тәуелсіздігіне дейін 1969-70 жылдары Қазақстан аумағынан бір ғана алтын адам табылса, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда қаншама алтын адам табылып жатыр?! Мұның бәрі теміршілер дәуірінде ежелгі қола металлургиясының, Қазақстан жеріндегі түсті металлургияның мықты дамығандығын көрсетеді.

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале