14.08.2024, 11:30
Оқылды: 304

Жаңақала ауданында мектеп оқушысы асылып қалды

Жуырда әлеуметтік желіде Жаңақала ауданында 9 сынып бітірген мектеп оқушысының асылып өлгені туралы жазба тараған болатын.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Оқиғаны БҚО Полиция департаменті растады.

– Кәмелетке толмаған баланың өзіне қол жұмсау фактісіне орай Жаңақала аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Тергеу барысында барлық жағдай сараланып, оқиғалар тексерілді. Тергеу қорытындысына сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

Әлеуметтік желідегі жазбада оқиға Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай ауылында болғаны туралы жазылған.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале