20.01.2023, 17:17
Оқылды: 17

Жаңақала ауданында жария тыңдау өтеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті Жаңақала ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Коммунал» МКК-ның тарату желілері арқылы су беру қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын қарау бойынша жария тыңдауды өткізеді.

970c5155e2e627e2430aedfcdf9dc96b

  Фото: okg.kz

Жария тыңдау 2023 жылғы 6 ақпанда сағат 15:00 – де Батыс  Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,  Автодор көшесі  6- үй мекен жайында өткізіледі.

Жария тыңдауға ҚР Парламенті, мәслихат депутаттары, жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.

Сонымен қатар көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Жария тыңдаулар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде                                       (сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/7963029928?pwd=TS9BUVdHVUVhTEM0cE5pVXFHSHVrdz09, конференция идентификаторы: 796 302 9928, кіру коды: HN98zJ) және Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180) қатар өтеді.

Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге ДКРЕМ ЗКО атауын енгізу қажет.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)240644.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале