Жаңақала ауданы Жуалыой ауылы Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 22 қазан күні осы мектептің
7-сынып оқушысы Аманжол Елтыныш 6-сынып оқушысы Жарас Эльвираның сол жақ қарына шприц сұғып алған. Оқушы медбикеге барып алғаш көмек алған.
Күні бүгін жарақат алған қыз бала аудандық емханада медициналық тексерістен өткізіліп, ем алуда және қосымша амбулаторлық бақылау тағайындалды.
Жалпы медициналық тексерістің алдын-ала қорытындысы бойынша қан арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ.
Болған оқиғаға байланысты Жаңақала аудандық білім бөлімінің 25.10.2018 ж. №104-1 бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті шаралары қабылданатын болады.
zhaikpress.kz