9.10.2024, 13:00
Оқылды: 133

Жаңақала ауруханасы екі жылда сегіз көлік алды

Еліміздің әр тұрғынына медициналық қызмет қолжетімді болуы керек. Белі ауырып, балтыры сыздаған ауылдағы ағайынға алғашқы көмек көрсетуді жақсарту ел Үкіметінің, облыс басшылығының, денсаулық сақтау басқармасының алдындағы ең басты міндеттердің бірі.

23950d3b-a246-4db4-8e81-93047bf33ab0

Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыс барынша атқарылып жатыр. Ел

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен былтыр «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары  облысымызда 50 медициналық нысан салу жоспарланған еді. Оның біразы ел игілігіне берілді.

95ed22ef-7b7f-4342-9997-10292bee0115

Десе де жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі байқалады.

Жаңақала ауданына іс-сапармен барған облыс әкімі аудан дәрігерлеріне төрт жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті. Алғашқы көмек көрсетуге арналған көліктер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл ауырған азаматтарға шұғыл көмек көрсету кезінде тиімділікті арттырады.

Аудандық аурухана директоры Ербол Сәрсенғалиевтің айтуынша, емдеу мекемесіне былтыр төрт көлік берілген. Жаңа көліктер аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға беріледі.

– Жедел жәрдем көліктері ең алдымен шалғайдағы Мәштексай, Пятимар, Қызылоба және Жаңажол ауылдарына беріледі. Өйткені аталған елді мекендерде қызмет етіп келген көліктер ескірді. Жаңа көліктер 11 елді мекен тұрғындарына қызмет көрсететін болады, - дейді ауданның бас дәрігері.

Түгелбай Бисен

Жаңақала ауданынан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале