21.06.2018, 15:34
Оқылды: 56

Жаңақалада бірнеше ауылдың ауыз су мәселесі шешіледі

Рисунок2ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің қатысуымен өткен кеңесте Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауданындағы жұмыстардан хабардар етті.

Оның айтуынша, Жаңақала ауданы елді мекендерінің ауыз сумен қамтылуы өткен жылы 51,7% болса, биыл бұл көрсеткіш 82%-ға жетпек.

-Аудандағы Жаңақала топтық су құбыры жобасының құны - 2,522 млрд.теңге. Өткен жылдың қыркүйегінде басталған құрылыс биыл аяқталады деп жоспарлануда. 145,69 шақырымды құрайтын құбыр құрылысы нәтижесінде 8 елді мекендегі 17000-ға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады, - деді Н.Қарағойшин.

Сонымен қатар аудан әкімі «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында Жаңақазан, Жуалыой, Мәстексай, Мұқыр ауылдарындағы су құбырын қайта құру, Жаңажол, Сарыкөл ауылындағы су құбыры құрылысы, Жаңақала ауылындағы тұрғын үйлерді сумен жабдықтау құрылысы бар екенін айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен жүргізіліп жатырған құрылыстар да жетерлік. Мәселен, Жаңақала ауылында 3 қабатты тұрғын үй салынуда. 220,0 млн. теңгені құрайтын үйдің аумағы 980 шаршы метр. Сонымен қатар Жаңақала ауылында жер учаскелеріне инженерлік инфрақұрылым желісі (газбен, электрмен жабдықтау) тартылуда. Жуалыой, Сарыкөл, Мұқыр және Жангелді елді мекендерін газдандыру, Жаңақала ауылішілік жолдарына қатқыл табанды орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале