35 ерікті бөгетті нығайтып жатыр.
Бүгін Жаңақала ауданынан 35 ерікті Орал қаласы маңында орналасқан саяжай және шағын ауылдарға көмекке келді. Еріктілер құрамында "AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаттары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, белсенділер бар.
- Бүгін жаңақалалық азаматтар аудандық мәслихат және "AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен Орал қаласына келіп қалдық. Әрине, біздің Жаңақала ауданына да қауіп төніп тұр, бірақ ағын судың қатты келуінен Орал қаласына қауіп төніп тұрғандықтан жерлестерімізге қол ұшын созайық деп бүгін екі күнге 35 ерікті келіп отырмыз. Асан ауылының халқын ағын судан аман алып қалу үшін, біздер бүгін тасқын судың алдын-алу жұмыстарын жасаймыз. Олар инертті материалдарды қаптау, қапшықтардан бөгет жасау, жағалауды нығайту жұмыстары. Ертең дәл осындай жұмысты басқа учаскелерде жасайтын боламыз, - деді "AMANAT" партиясы Жаңақала аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Әлихан Досмұхамбет.
Бұл жұмыс әлі де жалғасады.
"AMANAT" партиясы БҚОФ баспасөз қызметі