Бүгін, таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Фото: ҚР ТЖМ
Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.
Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәліметке сүйенсек, 11 адам зардап шеккен.
Олар медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Үйіндінің арасын ашуға Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылған.