"Жайық Пресс" серіктестіқте қазан айында жанар-жағармайларды қабылдау, беру және есептен шығару кезінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру рәсімдерін тексеру аяқталды.
Тексерудің мақсаты - серіктестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерінің сәйкестігі және жанар-жағармай материалдарын қабылдау, беру және есептен шығару кезінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау.
Тексеру кезінде келесі бұзушылықтар анықталды:
- мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспарларының сәйкессіздігі және серіктестік белгілеген лимиттердің сақталмауы.
- бөлімде ЖЖМ есепке алу, беру және есептен шығару бойынша әзірленген ереженің болмауы.
- қол қоюсыз және бекітусіз 2022 жылға арналған ЖЖМ шығысының белгіленген нормаларың пайдалануы, нормалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының автокөлігін ұстау үшін ЖЖМ шығыстарының нормаларына сәйкес әзірленбегені.
- 2022/23 жылдарға арналған ЖЖМ шығысының нормалары серіктестіктің бас директорының бұйрығымен бекітілмегені.
- ЖЖМ есептен шығару есебі белгіленген кезеңнің (аптаның, айдың) спидометрінің көрсеткіштері бойынша емес, өзінің есептік көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, нәтижесінде спидометрдің нақты көрсеткіштері есепті көрсеткіштермен сәйкес келмейді.
Серіктестіктің жарғысында "Серіктестік өз қызметінің нәтижелерін бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге сәйкес статистикалық және қаржылық есептілікті жүргізеді. Серіктестік есепке алу мен есептілікті жүргізудің дұрыстығы мен тәртібін сақтамағаны үшін заңнамаға сәйкес жауапты болады" делінге. Бухгалтер барлық есептеулерді жеке өзі тексереді және жүгіріс пен белгіленген нормалар негізінде ЖЖМ есептен шығарады. Жүргізушілердің есебінен ЖЖМ есептен шығару нақты шығыстар бойынша, бірақ нормалар бойынша есептелген ЖЖМ шығыстарынан асырмайды. Нормалар сәйкес келмеген жағдайда, басқа норма белгіленеді және директормен бекітеледі.
Анықталған бұзушылықтар, бензинді белгіленген нормалардан тыс, спидометрлердің көрсетілімінсіз есептен шығару, нормативтен тыс жүгірістерді белгілеу серіктестіктің бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады, сондай-ақ жауапты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына ықпал ететін жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызады.
Қорытындылар:
Мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспарларының сәйкессіздігі және сатып алу лимиттерінің, ЖЖМ жылдық қажеттілігінің сақталмауы, даму жоспарларына, серіктестікті қаржыландыру жоспарларына сәйкестігі анықталды. Серіктестіктің қалыптасқан бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесінде материалдық активтерді қабылдау, беру және есептен шығару есебі толық көлемде қамтамасыз етілмейді, артық шығын бар, бухгалтерлік есептің принциптері мен элементтерін елемей, шығыс құжаттарына қол қою кезінде лауазымды тұлғалардың формальды тәсілі бар.
"Жайық Пресс" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереженің негізінде 20-тармақ.пп.3 "комплаенс-офицер бас директорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе ықтимал мүмкіндігіне байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар етеді" сондай-ақ т.14.17. анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, серіктестіктің ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар енгіземін.
Шәмшиден Мұқашев,
комплаенс-офицер