4.12.2023, 9:15
Оқылды: 44

Жанбота Алдабергенова Әлем Кубогы кезеңінде жүлде жеңіп алды

Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында аяқталған фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Aerials finals - FIS Freestyle World Cup - Aerials - Ruka (FIN) - 2023. Photo: Mateusz Kielpinski (FIS)

Aerials finals - FIS Freestyle World Cup - Aerials - Ruka (FIN) - 2023. Photo: Mateusz Kielpinski (FIS)


 

Акробатика түрінде өнер көрсеткен Жанбота финалда 77.43 балл жинап, қола жүлдегер атанды. Бір қызығы, қазақ спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде қола алған. Ол кезде Алдабергеноваға 80,04 ұпай жеткілікті болған. Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді.

Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері Марион Тено (Канада) жеңіп алса, күміс Даниэль Скоттың еншісінде кетті. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болғанын айта кетейік.

Фристайл-могулда Ұлттық құрама спортшыларынан ең жоғарғы сатыға Павел Колмаков тұрақтады. Ол жекелей сында бесінші болды.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале