Жақын арада қысқы спорт түрлерінен Қазақстанның көптеген командасы үшін жаңа жарыс маусымы басталады. Алайда жарақаттан кейін ұзақ уақыт бойы денсаулығын оңалтып жатқан фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көпжылдық көшбасшысы Жанбота Алдабергенова оған қатыспауы мүмкін.
Суреттер: Olympic.kz
Olympic.kz-ке берген сұхбатында спортшы қазіргі жағдайын бөлісіп, сонымен бірге Халықаралық Олимпиадалық комитетінің Believe in Sport бағдарламасының амбассадоры ретінде алған әсері туралы айтты.
Бірнеше Олимпиада ойындарының қатысушысы былтыр жарақат алған. Сол уақыттан бастап ол оңалту курсынан өтіп жатыр.
«Өткен маусым мен үшін өте жақсы басталған. Мен Финляндиядағы үш жарысқа қатысып үлгердім. Олар - Әлем кубогі мен Еуропа кубогінің екінші кезеңі. Оның барлығында жүлденің барлық түрін алдым. Бірақ желтоқсанда қатты жарақат алдым. Әлем кубогі кезеңдері алдында жамбас сүйегім шығып кетті. Осы жарақатқа байланысты оңалу кезеңі ұзаққа созылып жатыр.
Қалпына келтіру жаттығуларын Алматыдағы спорттық медицина және оңалту орталығында жасап жатырмын».
Бұл ретте Алдабергенова командаластары жаңа маусымға штаттық режимде дайындалып жатқанын айтты.
«Біздің құрамада барлығы да жоспар бойынша өтіп жатыр. Олар қазір жаз-шомылу маусымына дайындықты аяқтады және қысқы маусымға өтеді. Бұл маусымда біздің елде алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ол қаңтар айында Шымбұлақта болады.
Сондай-ақ, Әлем кубогі кезеңдерінен бөлек, бұл маусымда маңызды турнирлердің бірі – наурыз айында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионаты болады. Ол біріншілік Швейцарияда өтеді».
Биыл ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спортшылар комиссиясының отырысында Жанбота Алдабергенованы Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Believe in Sport бағдарламасының амбассадоры ретінде таңдаған.
«Кәсіпқой спорт – хобби емес. Спортшы ел игілігі үшін, біздің әнұран жеңіс тұғырынан шырқалуы үшін денсаулығын береді. Мен әр атлет үлкен спортта өз құқығын, міндетін білуі керек деп ойлаймын.
Спортшы ретінде, мен мұны түсінемін және әріптестеріме спорттағы және т.б. мәселелердегі әділ шешімдерге әсер ететін түрлі процесстердің маңызы туралы айтқым келеді. Сол себепті арнайы бағдарламаның амбассадоры болғаныма қуаныштымын. Бұл жаңа бағыт.
Ол спортшыларды қорғауға және оларға білмейтінін айту үшін, мәселен бәс тігуге, келісім-шарт матчтарына қатысуға болмайтынын, жарыстарға ережелерді сақтау керектігін жеткізу үшін құрылған. Олай болмағанда жағдай басқаша аяқталуы мүмкін екенін жеткізгім келеді. Әр спортшы өз құқығын білетін болса, ол оны қорғайтын болады, әділ, таза, ашық спорттың елшісі болады.
Біздің елде бұл бағытта ірі реформалар жүріп жатыр. Және мен ХОК-тың, оның ішінде біздің ҰОК-тың осындай міндеттерінің арқасында бұған жақын арада қол жеткізетінімізге сенемін».
Сонымен бірге спортшы қыз ары қарай спорт құрылымында атлет ретінде өзін көре ала ма деген сұраққа жауап берді.
«Believe in sport амбассадоры бола тұра мен біздің спортшыларға жақындай түстім деп ойлаймын. Барлығына ашықпын. Кез келген мәселелерді талқылауға дайынмын. Диалогтар құруға дайынмын», - деп сөзін қорытындылады Алдабергенова.