14.07.2025, 16:15
Оқылды: 92

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: «Қазгидромет» күн болжамын жариялады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жп Орал

- 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады.

Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық күн күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз 16–17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С қатты ыстық күтіледі, - делінген хабарламада.

 

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале