29.11.2024, 9:15
Оқылды: 292

Жаңбыр, тұман: 29 қарашадағы ауа райы болжамы

Қазгидромет бірнеше өңірде тұман, көктайғақ, жел болатынын ескертті, деп хабарлайды Ұлттық арна.

ЖП куз Орал (3)

Астанада күн көшпелі бұлтты, таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -14...-16°C, күндіз -4...-6°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C.

Шымкентте күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10°C, күндіз 14°C жылы болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жел облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале