8.04.2026, 20:00
Оқылды: 7

Жәңгір хан университеті: Отыз жылдық белесіндегі сапалы мамандар

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жер қатынастары және жерге орналастырудың тұрақты дамуы: 30 жылдық тәжірибе мен болашақ бағдар» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

photo_5384247753791181925_w
Ғылым айлығы аясында «Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс беруші компания өкілдері, бизнес серіктестер, түлектер қатысты.
Шара барысында Жәңгір хан университетіндегі «Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтарының құрылу тарихы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Жерге орналастырудың тұрақты даму қағидаттары және оларды іске асыру тәжірибесі», «Жерге орналастырудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары», «Жерге орналастыру жұмыстарын жетілдірудің инновациялық әдістері» тақырыбында баяндамалар оқылды.
Ғылыми-практикалық семинар соңында аталған білім беру бағдарламалары бойынша тараптардың өзара ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Түлектер мен жұмыспен қамтушылар қауымдастығы» консорциумын құру туралы шешім қабылданды.

photo_5384247753791181938_w
Жәңгір хан университетінде жерге орналастыру мамандарын даярлау 1996 жылы басталып, екі жылдан соң «Жерге орналастыру» кафедрасы құрылды. Жерге орналастыру мамандығы бойынша алғашқы университет түлектері 2001 жылы қолдарына дипломдарын алып, еңбекке араласты. 2005 жылдан бастап мамандық атауы «Жерге орналастыру және кадастр» деп өзгертілсе, 2006 жылы бұл мамандықтар екі бағытқа бөлінді. «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары отыз жыл ішінде заман талабына сай жаңғырып, жер қатынастары саласын кәсіби мамандармен толықтырды. Осы уақыт аралығында 600-ден астам маман мен 50-ден астам магистр даярланды. Қазіргі уақытта Жәңгір хан университетінде 200-ден астам білім алушы бакалавр және магистратура дәрежелері бойынша осы мамандықтарда оқып жатыр.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале