13.03.2024, 17:45
Оқылды: 105

Жәңгір хан университетінде «Наурызнама» шаралары басталды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Көрісу айт – Амал мерекесіне орай «Көрісу керуені» атты этно-фест іс-шарасы өтті.

IMG_3367

Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы «Арман» балалар аула клубы мен университетіміздегі «Мәдениет және өнер студиясы» ұйымдастырған мерекелік шараны профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер және білім алушылар тамашалады.

Алдымен сөз алған Жәңгір хан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:

 – Биылғы Наурыз мейрамын ауқымды түрде қарсылаудамыз. 14 наурыз – Көрісу күні батыс өңірінің жұрты үшін үлкен мейрам. Бала кезімізден осы атаулы күннің мәнін сезініп келеміз. Қазіргі уақытта осы Амал мерекесі ел көлемінде кеңінен насихатталуда. Біздің мақсатымыз– ұлттық әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, жастарға үлгі көрсету. Осы ретте бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Баршаңызды Көрісу мерекесімен, Наурыз мейрамымен құттықтаймын! – деді.

IMG_3373

Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға жалғасты. «Қазына» би ансамблі, «Ғұмыр-дария» ата-әжелер ансамблі, «Әсем әуен» вокалдық тобы және аула клубының басқа да өнерпаздары әсем әндерімен, мың бұралған билерімен көрерменді тәнті етті. Әсіресе, ақ жаулықты өнерлі әжелер халық әндерін шырқап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Зал толы оқытушылар мен студент-жастар кештен керемет әсер алғандарын жасырмады. «Балалар аула клубының өнерлі жеткіншектері мен ата-әжелеріміз ұлттық мерекемізді сезіндірді», - дейді жәңгірхандық ұстаздар мен білім алушылар.

Кеш барысында «Мария ханым» сән үйінде тігілген ұлттық киімдердің үлгісі көрсетілді. Сонымен қатар жиналғандар наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале