2.07.2021, 9:37
Оқылды: 44

Жәңгір ханның жазғы ордасы

Күллі қазақ үшін киелі, бірақ бүгінгі Қазақстан аумағынан тысқары қалған мекендер аз емес. Олардың кейбірі мемлекет және ел азаматтары тарапынан қамқорлыққа алынып, халықтың назарында жүр. Алайда мүлдем елеусіз қалып, жойыла жаздаған нысандар да бар...

Биыл Бөкей ордасының құрылғанына 220 жыл толды. Еділ мен Жайықтың арасында ерекше статусқа ие болған осынау аймақтың тарихы туралы зерттеулер аз емес. Орданың алғашқы билеушісі Бөкей ханның сүйегі шекараның сыртында қалғанымен, басына зәулім кесене көтерілді. Ал Жасқұстағы Жәңгір хан зираты да ерекше құрметке ие нысанның бірі. «Хан ордасы» тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығы Жәңгір ханның тірі кезіндегі сән-салтанатты қайта қалпына келтіріп, республикалық деңгейдегі туризм орталығына айналғалы қашан?! Бүгінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан Сайқын – Өнеге – Казталов  жолы пайдалануға берілсе, музей-кешеннің екінші тынысы ашылғалы тұр. Алайда бөкейлік тарихында ерекше орны бар маңызды нысан – Жәңгір ханның жазғы ордасы – тарихи Тарғын қала бүгінде өзіне лайық құрмет көрмей келеді. ХІХ ғасырға тиесілі тарихи ғимараттары сақталған, кешегі хан мен оның ұрпақтарының іздері әлі сайрап жатқан бұл мекенге жанашыр жан табылмай тұр...

1531997268_article_b

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №53 санындағы белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының «Жәңгір ханның жазғы ордасы» атты мақаласында.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале