Халқымызда «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген аталы сөз бар. Рас, 2020 түрлі оқиғалар мен жаңалыққа толы жыл болды. Біраз шаруа атқарылып, іргелі істер тындырылды. Бүгінде Жәнібек ауданы жайнап, жаңару үстінде. Жәнібек шаһары күн санап көркейіп, тотыдай түрлене түсуде.

Осы орайда Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің бастамасымен атқарылған бірқатар жұмыстар мен мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жобалардың жүзеге асуына, ауданның әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына жәнібектік журналист Гүлзара Тілекқабылқызы облыстық «Орал өңірі» газетінің №97 санында тоқталады. Ол үшін «Жәнібек көркейіп, тотыдай түрленуде» атты мақаланы оқыңыз, қадірлі оқырман!
zhaikpress.kz