Жаңа оқу жылында онлайн оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларға мектептер өз теңгерімінен мүмкіндіктерінше компьютер, ноутбуктер берілген болатын.
Алайда барлық оқушыларды қамтамасыз ету мүмкін емес. Осы орайды Жәнібек аудандық білім беру бөлімі планшеттерге сұраныс жолдаған болатын. Білім саласында өзекті мәселені шешу мақсатында Жәнібек ауданына 90 су жаңа планшет жеткізілді. Бұл планшеттер аудан мектептеріндегі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға таратылды.
«Планшетке екі симкарта салынады. Балалардың сабаққа қолдануына өте ыңғайлы. Осал топтағы отбасы балаларына таратылды. Планшеттер мектеп балансына берілгендіктен, қайтарымды акт арқылы берілді», – дейді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина.
Ә. Қуанғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz