3.10.2025, 16:14
Оқылды: 262

Жәнібектегі жаңа бастама

Былтырдан бері көкөніс егіп бастаған едік. Алғашқыда пияз, сәбіз, қызанақ ектік. Биыл тәуекелге барып, қауын мен қарбыз егіп көрдік .

Жәнібек ауданында мұндай дақылдар өседі дегенге көпшілік сенбей жатады. «Бұл жақтың климатына келмейді» деген стереотип қалыптасқан. Бірақ еңбек пен ізденістің арқасында бәрі мүмкін екеніне көзіміз жетті.

Барлық негізгі жұмысты ағам — Ахметов Ержан атқарып отыр. Өзі агроном мамандығын бітірген, үнемі ізденісте жүреді, білімімен бөлісіп, маған да көп көмегін тигізіп келеді. Мен де шаруашылықта қолғабыс берудемін.

Биылғы өніміміз қуантты:
Қауынның салмағы 9 - 13 кг-ға дейін
Қарбыздың салмағы 21 - 23 кг-ға жетті!

Қазір осы өнімдерімізбен Сайхын мен Жәнібек аудандарының халқын қамтып отырмыз.

Еңбек бар жерде – береке бар!

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

жп мамандар галериясы (11) жп мамандар галериясы (10) жп мамандар галериясы (9) жп мамандар галериясы (8) жп мамандар галериясы (6) жп мамандар галериясы (5) жп мамандар галериясы (4) жп мамандар галериясы (3) жп мамандар галериясы (2) жп мамандар галериясы (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале