Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTT Youth Contender үстел теннисі турнирінде топ жарып, екі жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Қазспорт жазды.
Сурет: Қазспорт
Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынға ие болса, кеше отандасымыз 11 жасқа дейінгі жас санатында бас жүлде қанжығалады.
Турнирде Жәния Бекмұхамбетова Венгрия, Испания, Украина, Испания, Румыния елдерінің спортшыларын жеңді.