16.10.2025, 11:30
Оқылды: 110

Жансаяның жұлдызы жарқырады

Таяуда Атырау қаласында өткен, көрнекті ақын, Мемлекеттік Әнұран мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным!» республикалық ақындар айтысында Жансая Мусина топ жарып, бас жүлдеге ие болды.

WhatsApp Image 2025-10-16 at 12.20.47

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 жүйріктің арасынан оза шапқан жерле­сіміз 2 миллион 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, байқауда  І орынды ақтөбелік Аруна  Керімбек пен атыраулық  Батыржан Кәдірбай иеленсе, ІІ орын қызылордалық Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал ІІІ орынды қарағандылық Нұрмұхаммед Байсүгіров пен астаналық  Иран-Ғайып Күзембаев  өзара бөлісті. Айтыста қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етіп, жыр додасын халықаралық айтыстардың жеңімпазы Аманжол Әлтай жүргізді. Ұлт руханиятын ұлықтаған бұл дода Атырау облыстық «AMANAT» партиясының қолдауымен және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале