Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
16 қазанда Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысып, салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігіне соққан. Салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары - Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқандар бар екені хабарланды.
massaget.kz