Осындай атаумен 22 сәуірде «Атамекен» өнер ордасында ақын Орынбек Меңдіқұлдың шығармашылық кеші өтеді. Орынбек – ел-жұртқа алдымен айтыс ақыны ретінде танылғанымен, жазба поэзияға да қалам тартып жүрген жас шайыр. Әрі ол – «Биленбеген вальс», «Түлектер сағынышы», «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек?», «Қаратөбе қызы» сықылды біраз әннің ауторы. «Жанымның мелодиясына» алматылық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа, ақтөбелік ағалы-қарындасты өнерпаздар Ердәулет, Айкөркем Есмырзиндер және оралдық Әділ Ахметов сынды өнер жұлдыздары қатысып, ән әуелетпек.
Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты қалалық мәдени-ағарту бірлестігі ұйымдастыратын аталмыш шара кешкі сағат жетіде басталады. Билеттер Ю.Гагарин атындағы кинотеатр кассасында сатылуда.