10.09.2023, 23:36
Оқылды: 47

Жапақовтар жанұясы жан-жақты

Бүгін өңір басшысы Нариман Төреғалиев Жапақовтар әулетіне арнайы барды. Ол отбасы мүшелерін айтулы мейраммен құттықтап, ақ тілегін ақтарды.

b062b70a-da6d-4d84-b084-c7cdea9284ca

– Отбасы күні – 2013 жылдан бері тойланып келе жатқан мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аудару керектігін жеткізді. Кез-келген адам жанұясында жүйелі түрде тәлім-тәрбие алады. Серікбай Жапақов – ұлттық құндылықтарымызды ұл-қыздарының, немере-шөберелерінің бойына сіңдіре білген тұлға. Оның өмірі – кейінгіге үлгі-өнеге. Жақсы күндерде жүздесейік! Ұрпақтарыңыз сіздерді қуанта берсін! – деген Нариман Төреғалиұлы әулеттің үлкеніне құттықтау хат табыстап, жұбайы Шәрбану Сапарғалиеваға сый-құрмет көрсетті. Оған қоса мүшел жасқа толған егіз шөбересі Мадияр мен Даниярға (тұңғыш ұлы Ержаннан туған Мәрленнің балалары) сыйлық тарту етті.

7c0e5463-40d3-421a-927f-760c03e5632a

Сексен үш жастағы Серікбай Жапақов қонақтарды кенже ұлы Асылан жасаған домбыралармен, немере-шөберелері жеткен жетістіктермен таныстырып, көне заманнан келе жатқан салт-дәстүр ізімен дастархан басына шақырды.

e4ca001f-03cf-4ac5-863d-8439bf554b94

Әулеттің үлкені өзінің өмір жолы, жанұясы жөнінде аз-кем әңгімеледі. Ол 1941 жылы 25 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында жарық дүниеге көрінген. Жастайынан жан-жақтылығымен, ізденімпаздығымен көзге түскен. Казталов аудандық мәдениет үйі жанындағы халық аспаптары оркестрінің белді мүшесі болған. Қазыналы қарияның бірінші мамандығы – кең профильді механизатор, екінші мамандығы – мұғалім. Ол ұстаз ретінде аянбай-талмай еңбек еткен жан. Еңбегі еленіп, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталған.

– Мен жетпіс жеті жастамын. Ержан, Біржан, Шынар, Ақан, Гүлдана және Асылан есімді алты перзентті тәрбиелеп өсірдік. Үлкен ұлым Ержан о дүниелік болды. Бүгінде жиырмадан астам немере, оннан астам шөбере сүйіп отырмыз. Көрген-білгенімізді, естіген-түйгенімізді ұрпағымызға жиі айтамыз. Мадияр мен Даниярға Қазақстан Күйшілер одағының төрағасы, домбырашы-ұстаз Асқар Кенжеғалиев домбырашылықтың қыр-сырын үйретуде. Асқар Мұхамедқалиұлы АҚШ-тың Хьюстон қаласында домбыра мектебін ашқан шақта оған Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, домбыра жасаушы шебер, кенже ұлымыз Асылан өзі жасаған төрт домбыраны сыйға тартты, – дейді Шәрбану Сапарғалиева.

99d42d83-0972-4d40-8138-3414c2408502

Мадияр мен Даниярдың айтуынша, олар «Наркескен» күйін қатты ұнатады. Спорттық шараларға белсене қатысады. Түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып, талай мәрте жүлдеге ие болған. Екеуі қашанда бірге жүреді. Үйде атасымен бірге күй тартады. Бүгінде Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияда 7-сыныпта білім алуда.

ffguy

Қазіргі таңда Серікбай Жапақов пен Шәрбану Сапарғалиеваның ұрпағы түрлі салада қызмет атқарып, биік белестерді бағындырып жүр.

e01bd45b-f4a7-49fd-9c6c-0db41866a34c

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале