Жапония үкіметі толық құрамда оставкаға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің дерегінше, қыркүйек айының басында штат басшысы Йошихидэ Суга партия басшысы лауазымына өзін ұсынбайтынын мәлімдеген, бұл шын мәнінде оның премьер -министр қызметінен кетуін білдірді. 2012-2017 жылдары Синдзо Абэ үкіметінде сыртқы істер министрі болған Фумио Кишида өткен сәрсенбіде партиялық сайлауда жеңіске жетті.
Дүйсенбі, 4 қазанда Жапония парламентінің екі палатасы да премьер -министрдің кандидатурасына дауыс береді, содан кейін ол өз министрлер кабинетін тағайындайды.
Премьер -министр партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте, бұл партиялардың көшбасшылары. Осылайша, парламенттегі көп орынға ие партияның басшысы премьер –министр болады. Яғни сайлауда жеңіске жеткен Либерал -демократиялық партиясының көшбасшысы Фумио Кишида Жапонияның 100 -ші премьер –министрі атанады. Ол дүйсенбіде ресми түрде министрлер кабинетін құруға ниетті. Министрлікке кандидаттарды іріктеу демалыс күндері аяқталды. Хироказу Мацуно үкіметтің бас хатшысы болмақ.
Бұрынғы үкіметтен үш адам жаңа кабинетке ауысады: сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги мен қорғаныс министрі Нобуо Киши өз қызметтерін сақтап қалады, ал ғылым және білім министрлігін басқарған Койчи Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігін басқарады.