Цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Фото: iStock
Дүйсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысында магнитудасы 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Метеорологиялық басқарманың хабарлауынша, Миядзаки мен Коти префектураларында цунами қаупі туралы ескерту жарияланды.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 21:19-да болды. Басқарма мәліметінше, ол Миядзаки префектурасының бір бөлігінде Жапонияның 7 балдық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 5-тен төмен деңгейде тіркелді.
Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Исикава префектурасында магнитудасы 7,6 болатын күшті жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 220 адамнан асты.