27.07.2022, 9:00
Оқылды: 171

Жапонияда жабайы маймылдар адамдарға шабуылдап жатыр

Жапон полициясы жабайы маймылдардың адамға шабуылын тоқтату мақсатында транквилизаторлары бар қаруды қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

220726185059708e

Фото: bbc.com

Соңғы апталарда Ямагучи қаласында жапон макакаларының шабуылынан 42 адам зардап шекті. Оның ішінде балалар мен қарттар да бар.

Жабайы маймылдар адамдарды тістеп, жарақаттайды. Оларды тұзақпен ұстау әрекеттері сәтсіз аяқталып, полиция жануарлардың шабуылын тоқтата алмады.

Адамдар пәтерлерге, үйлерге және мектепке дейінгі мекемелерге приматтардың кіріп кеткені туралы хабарлаған.

Бір кездері маймылдың осал түрі саналып келген жапон макакаларының саны жақында артып кеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале