21.12.2021, 16:31
Оқылды: 25

Жапонияның солтүстігінде 9 балдық жер сілкінісі болса, адам шығыны 200 мыңға жетуі мүмкін

Жапония үкіметі сейсенбі күні елдің солтүстік-шығысы мен солтүстігіндегі Тынық мұхиты жағалауында 9 балдық жер сілкінісі болса, оның салдары қандай болатыны туралы болжам жариялап, Хоккайдо мен Аомориді қосқанда, жеті префектурада 199 мың адамға ескерту жасады. Бұл туралы Kyodo агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211221161853062e

Табиғи апаттарды басқару жөніндегі орталық кеңестің болжауынша, тұрғындардың басым бөлігі цунамиден зардап шегеді, осындай жер сілкінісі болған жағдайда, Жапон шұңғымасының бойындағы 220 мың ғимарат қирауы мүмкін. Елге 31,3 триллион иен (275,4 миллиард доллар) шығын келеді. Табиғи апаттарға қарсы күрес министрі Сатоши Ниною 21 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында Жапонияның солтүстігінде ірі жер сілкінісі болған жағдайда, оның салдары қандай болатыны туралы айтты. Жапонияның батысынан орталығына дейін созылған Нанкай шұңғымасының бойындағы жер сілкінісінен 323 мың адам, Токионың ішіндегі жер сілкінісінен 23 мың адам мерт болуы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале