21.02.2022, 14:50
Оқылды: 43

Жаппай тәртіпсіздік: 18 жастағы сарбазды көпірден лақтырып жіберген

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыскерлер 18 жастағы қарусыз жедел мерзімді әскери қызметте жүрген сарбазды көпірден лақтырып жіберуге дейін барған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210811170646480a3822801i

«Бас прокуратура қаңтар оқиғасының себептері мен мән-жайларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Күн сайын қылмыстық қудалау органдары болған оқиғаның жаңа көріністерін анықтап жатыр. Бүгінде азаматтар бастапқыда бейбіт митингіге барғанын, содан кейін бұл бастаманы қылмыстық және деструктивті күштер ұстап, қирату мен тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, мемлекеттік билікті басып алу мақсатында лаңкестік актілерін жасағанын көріп отырмыз. Қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуылдар жасап, түрлі аймақтарда тәртіпсіздікке жол берді. Осылайша, олар қосымша құқық қорғау күштерінің келуіне жол бермеуге тырысты. Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады», - деді Е.Қилымжанов.

Оның айтуынша, сырттан қауіпсіздік күштерінің келуі олардың жоспарларына кедергі келтіруі мүмкін деп қорқып, қылмыскерлер теміржолдарды жауып, үш жолаушы және бес жүк пойызының қозғалысын тоқтатты.

«Әрі қарай, олар полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасап, нысандарды қиратып, өрт шығарды. Мысалы, 18 жастағы қарусыз жедел мерімді әскери қызметте жүрген сарбазды орталық көпірден лақтырып жіберуге дейін барған. Бір ғажабы ол тірі қалды», - деді Бас прокуратура өкілі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале