17.01.2022, 17:20
Оқылды: 75

Жаппай тәртіпсіздік: Алматыда 170 велосипед ұрланды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жалға берілген 170 велосипед ұрланды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

«220 велосипед пен 21 Almaty Bike велостанциясы бұзылды. Оған қоса 170 велосипед ұрланған. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа қызмет көрсетуді жаңарту 20 қаңтарға дейін жоспарланған», - деді Ғани Мырзаханов.

Оның айтуынша, зақымдалған велосипедтерді жөндеу және ұрланған велосипедтерді қалпына келтіру үшін қосымша 370 млн теңге бөлу мәселесі қаралып жатыр.

Бүған дейін Алматыда жаппай ереуіл кезінде 28 автобусқа зақым келгені туралы жазған болтынбыз.

Бүгінде барлық 151 бағыт және 1600 бірлік жылжымалы құрам, оның ішінде троллейбус және қала маңындағы бағыттар іске қосылды. Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9.00-ден 21.00-ге дейін. Сонымен қатар, метро жұмысы қайта жанданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале