23.04.2024, 15:16
Оқылды: 81

Жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды

"Қазіргі таңда, су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеу жұмыстары басталды. Оның ең бастысы үйін су басқан отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету", - деп хабарлады БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов облыс әкімдігінде өткен брифингте.  

WhatsApp Image 2024-04-23 at 16.11.57 (1)

Қазір облыс аумағындағы жарамсыз деп танылған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, салынатын жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, геология және топо-түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін жергілікті компаниялардың тізімі анықталып, дайындық жұмыстары басталды. Тұрғын үйлер құрылысы «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының, өңіріміздің КПО б.в., ЖайықМұнай, ОралойлэндГаз, Конденсат сияқты  және өзге ірі кәсіпорындардың қаражаты есебінен іске асырылады.

Айта кетейік төтенше жағдай салдарынан 1 292 тұрғын үйге зиян келтірілді. 1 150 үй бойынша техникалық тексеріс жүргізілді. Қорытындысында 397 ұй тұруға жарамсыз деп танылды.

Әрқайсын бөлек талдар болсақ, Қаратөбеде 116, Сырымда 243, Бөрліде 218, Теректіде 649, Бәйтеректе 43, Тасқалада 6, Орал қаласында 17 үйге зиян келтірілді. Сондай-ақ Қаратөбеде 101, Сырымда 243, Бөрліде 218, Теректіде 539, Бәйтеректе 43 үйге техникалық тексеріс жүргізілді. Ал жарамсыз деп танылған 397 үйдің  98-і Қаратөбеде, 114-і Сырымда,  60-ы Теректіде, 4-і Бәйтеректе болса, 121-і Бөрліде.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале