Елімізде мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздің өңірлерінен 939 оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Барлық кезең қорытындысы бойынша 431 оқушы жүлдегер атанды, олар 211 қола, 131 күміс және 89 алтын жүлдені өзара бөлісті.Ал «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша Павлодар облысынан Максим Комаров пен Жетісу облысынан Владислав Иванов дипломдарға ие болды.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы келесідей бөлініске түсті:
Сонымен қатар 46 жеңімпазға KBTU, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Astana IT University, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті секілді ЖОО-на ректорлық грант тағайындалды.
«Олимп шыңына жетелеуші» номинациясы бойынша педагог-тәлімгерлер мен олимпиадалық командалардың жаттықтырушылары марапатталды.