Орал қаласында «Батыс су арнасы» ЖШС-нің хабарламасы бойынша жария тыңдаулар өтетінін естеріңізге саламыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 9 наурызда сағат 15:00-де тарату желілері бойынша су беру және бұру, сарқынды суларды тазарту қызметтеріне «Батыс су арнасы» ЖШС-нің 2021-2026 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметалардың жобаларын қарау бойынша жария тыңдау өтетінін естеріңізге салады.
Сонымен қатар, «COVID-19» коронавирустық індетін таратпау мақсатында жария тыңдау өзге де мүдделі тұлғалар «ZOOM» (https://zoom.us/j/99751682149?pwd=YjVQTGF5bSszQzVMMVRkOTVTcDhyZz09, конференция идентификаторы: 997 5168 2149, кіру коды: 9C5Vh6) қосымшасы және Департамент басшысының Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы онлайн режимде жария тыңдауға қатыса алатынын хабарлаймыз (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180).
Жария тыңдауға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге басшының аты Алмас Отаров енгізу қажет.
Кез келген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қоя алады және оларға жауап ала алады.
Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112)250383.