Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің бас редакторы, жас ақын Әділет Орынбасаровтың өлеңдері Атыраудан шыққан «Жалын жүрек жырлайды» жинағына енді.
- Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан кітапқа Атырау облысы Индер ауданында туып-өскен жас ақындардың шығармалары енген.
Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидің «Жақсы жыр жүрекке жетер» алғысөзімен ашылған кітапта көптеген жас ақындардың өлеңдері топтастырылған.
Біз бүгінде Ақ Жайық өңірінде абыройлы еңбек етіп жүрген Әділет бауырымыз үшін қуаныштымыз, - деп хабарлайды Атырау қаласынан ақын Асантемір Қаршығаұлы.
Жас ақын Әділет Орынбасаров 1993 жылдың 25 қазаны күні Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі.
Облыстық Махамбет, Абай-Шәкәрім, Мұқағали оқуларының бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық Мағжан, Мұқағали оқуларындағы арнау бағамы бойынша жыр мүшәйраларының қатысушысы. Сондай-ақ облыстық «Студенттік көктем-2013» байқауының жүлдегері. Қалалық, облыстық, республикалық дебат ойындарының жеңімпазы. Облыстық Оралхан Бөкей оқуларының жүлдегері, облыстық «Студенттік Life» мега жобасының қатысушысы. Облыстық «Дала дарындары» байқауында «Поэзия» аталымы бойынша бас жүлде иегері. Түрлі облыстық, аймақтық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. «Тау баласы» атты жыр жинағының авторы.
Кітап Атырау қаласындағы «Ағатай» баспасынан жарыққа шығып отыр.
Ертай Бимұханов
zhaikpress.kz