ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдауды жалғастырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сыйлыққа 18-ден 35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.
Әдеби сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша беріледі. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.
Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 16 млн теңге. Жеңімпаздарға диплом, төсбелгі және 4,1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.
Биыл жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық екінші рет табысталмақ. Байқаудың мақсаты – жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету.
Өтінімді 2024 жылғы 31 шілдеге дейін мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 13 кіреберіс, 273 кабинет.
Толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан және 74-04-08, 74-04-07, 74-03-84 нөмірлері арқылы біле аласыздар.